• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қазан, 2021

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Бітік жазуы күні атаусыз қалып жүр...

227 рет
көрсетілді

Egemen Qazaqstan газетінің 18 қазандағы санында журналист Азамат Есенжолдың жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алдан Смайылмен сұхбаты жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Әңгіме барысында жазушы екі мəрте Парламент Мəжілісінің депутаты болған тұста аяқталмай қалған ұсыныстары жайлы айтқан. Мәселен, Парламент Мəжілісіндегі əріптестері Гүлнар Сейтмағамбетова, Гүлмира Исимбаева үшеуі жазған балаларды зиянды ақпараттардан қорғайтын заң жобасы «дəстүрлі емес жыныстық қатынасқа түскендердің кəмелетке толмаған балалардың арасына үгіт-насихат жүргізуге рұқсаты жоқ» деген бір тармақшасы үшін қабылданбаған көрінеді.

«Екінші, жүзеге аспай қалған нəрсе, славянтектес мемлекеттер жыл сайын кириллица күнін атап өтеді. Бізде Күлтегін ескерткішіндегі, өркениетімізге айғақ болатын Бітік жазуы бар. Славяндар кириллицаны атағанда, біз неге өзіміздің төл жазу күнін атап өтпейміз деген мəселе көтердім. Бұған Мəжілістің əлеуметтік-мəдени даму комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева болғанда, осы мəселені қайта көтеріп, ол кісінің көзін жеткіздім. Осыған орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде конференция ұйымдастырдық. Аталған жоғары оқу орнына Күлтегін ескерткіші 18 мамырда қойылды. Енді сол күнді Бітік жазуы, былайша айтқанда, жыл сайын Түркі жазуы күні аталатын болсын деген шешім қабылданды. Оны Үкімет басшысы мен тиісті органдарға бердік, олар да бұл ұсынысты қостады. Бірақ Бітік жазуы күні аталып өтілмеді. Неге екенін əлі күнге білмеймін», дейді Алдан Смайыл.

Бұдан бөлек оның Тілдер туралы заңның 23-бабына сəйкес «Қазақ тілін білетін кəсіптердің тізімін жасау керек» деген ұсынысы да қабылданбай қалған.