Жамбыл облысында биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында оң динамика байқалды. Есепті кезеңде өңірдегі экономикалық өсім 4,6 пайызды құрап отыр. Бұл туралы мәслихат депутаттары алдында есеп берген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыста 4482 пәтерлі 76 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін 2902 пәтерлі 50 үй тапсырылады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 3,6 шақырым жол салынып, 440,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесі 95 пайызға жететін болады. 12 ауылдық елді мекенге су құбыры жүргізіліп, қамтылу деңгейі 88,7 пайызға дейін артады. 20 елді мекен табиғи газбен қамтылып, 83,8 пайызға жетеді.
Барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар аясында 27,1 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 14,8 мыңы – тұрақты.