• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қазан, 2021

Ірі динозаврдың қаңқасы 1,5 млн еуроға бағаланып отыр

339 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең ірі танымал динозаврлардың бірі – трицератопстың қаңқасы сатылады, деп жазады Egemen.kz.

Оны Париждегі ДРУО (Drouot) аукционы саудаға қойған. «Үлкен Джон» деп аталатын бұл қаңқа 2014 жылы Оңтүстік Дакотадан табылған. Ұзындығы 8 метр. Ең ірі динозавр ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мамандар динозаврдың қаңқасын шамамен 1,5 млн еуроға бағалап отыр.