• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №37

288 рет
көрсетілді

2014 жылғы 29 қаңтар Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы №608 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы №608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №38, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында: «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген бөлімде 20-тармақ алынып тасталсын. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы қорытынды ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жос­парлау министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі      С.АХМЕТОВ.