• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 22 Қазан, 2021

Бас бапкер: Жалпыкомандалық есепте бірінші орын аламыз

828 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Сербияда өтетін әлем чемпионатында жігіттердің алдына қандай мақсат қойғаны, оларды қалай жігерлендіретіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл тарихтағы ең ірі әлем чемпионаттарының бірі болмақ. Айтулы аламанға жаһанның жүзден астам елінен 650 боксшы қатысады. Додада Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, әлем чемпиондары мен құрлықтық чемпионаттардың жеңімпаздары да бақ сынайды. Біз боксшыларымызды барынша жақсы дайындадық. Боксшыларды «Белградқа барамыз, жалпыкомандалық есепте бірінші орын аламыз! Алға осындай мақсат қоямыз! Әрқайсыңыз жеңімпаз болуға лайықсыз! Топ жарғаннан бөлек, біз «үздік боксшы» атағын алуымыз керек! Барлығы біздің қолымызда деп жігерлендіремін», дейді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербия астанасы Белград қаласында өтеді. Бұл аламанға Қазақстан құрамасы жаңартылған құраммен қатыспақ. Әлем чемпионы атанған боксшылар 100 мың доллардан, күміс жүлдегерлер 50 мың доллардан, қола медаль иегерлері 25 мың доллардан сыйақы алады. Қаржылай сыйақыны AIBA тағайындап отыр.