• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2014

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының қаулысы № 267

311 рет
көрсетілді

2013 жылғы  29 қараша Алматы қаласы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы№ 242 қаулысына  өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларында: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Есептелген ресми бағамдардың сандық мәні екі ондық белгіден тұрады. Егер есептеу кезінде шетел валютасының теңгеге қатысты ресми бағамы бірден кем болса, шетел валютасы номиналының сандық мәні қажетті мәнге дейін ұлғая отырып өзгереді.»; 2-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Қағидалардың қосымшасында көзделген шетел валютасы айналыста болуын тоқтатқан кезде осы шетел валютасына қатысты бағам белгіленбейді.»; қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк Төрағасы   Қ.КЕЛІМБЕТОВ

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 29 қарашадағы  № 267 қаулысына қосымша

 Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының   шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына  қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел валюталарының Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қатысты ____ жылғы _______ ресми бағамдары туралы хабарлайды   Австралия доллары (AUD)   теңге Әзірбайжан манаты (AZN) Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі (GBP)   теңге теңге Беларусь рублі (BYR)   теңге Бразилия реалы (BRL)   теңге Венгрия форинті (HUF)   теңге Гонконг доллары (HKD)   теңге Дат кронасы (DKK)   теңге БАӘ дирхамы (AED)   теңге АҚШ доллары (USD)   теңге Еуро (EUR)   теңге Үнді рупийі (INR) Канада доллары (CAD)   теңге теңге Қытай юані (CNY)   теңге Қырғыз сомы (KGS)   теңге Корея Республикасының вонасы (KRW)   теңге Кувейт динары (KWD)   теңге Латвия латы (LVL)   теңге Литва литі (LTL)   теңге Малайзия ринггиті (MYR)   теңге Молдова леясы (MDL)   теңге Норвегия кронасы (NOK)   теңге Польша злотыйы (PLN)   теңге Ресей рублі (RUB)   теңге Сауд Арабиясының риялы (SAR)   теңге СДР (XDR)   теңге Cингапур доллары (SGD)   теңге Тәжік сомониі (TJS)   теңге Тайланд баты (THD) Түрік лирасы (TRY)   теңге теңге Өзбек сумы (UZS)   теңге Украина гривнасы (UAH)   теңге Чех кронасы (CZK)   теңге Швед кронасы (SEK)   теңге Швейцария франкі (CHF)   теңге Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)   теңге Жапон йенасы (JPY)   теңге   құжатқа қол қойылған күн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басшылығы                 ________________ Аты-жөні (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 10 қаңтарда  Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9062 болып енгізілді.