• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 22 Қазан, 2021

Куигли Андрадамен жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

210 рет
көрсетілді

Ирландиялық кәсіпқой боксшы Джейсон Куигли 19 қараша күні WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андрадамен жұдырықтасады. Куигли бұл жекпе-жекте қарсыласынан басым түсетіндігіне сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Андрадеге жекпе-жектер өткізу керек. Танымал боксшылар онымен қолғап түйістіруге асықпайды. Мен бұл кездесуді асыға күтіп жүрмін. Өйткені оған тиесілі белбеуді Ирландияға апарып, жанкүйерлерді қуантуым керек. Кәсіби мансабымның нағыз шыңдалған шағына жеттім. Бұрынғыдай аңғал жастағы адам емеспін. Бұл мен үшін кезекті шайқастың бірі ғана. Андраденің бұған дейін мықты қарсыласпен қолғап түйістірмегенін көрсеткім келеді. Өзіме сенімдімін», дейді ол.

Орта салмақта Деметриус Андрадеден бөлек, қазақстандық Геннадий Головкин де әлем чемпионы. Қазақстандық боксшыға IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы тиесілі.