Португалияда дзюдодан ардагерлер арасында әлем біріншілігі өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жарыста 81 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді отандасымыз Нәсіпқұл Тыныбаев жеңіп алды.
61 жастағы қарағандылық спортшы әлем чемпионатының финалында австриялық Курт Рейнхольдты жеңді.
Айта кетсек, Нәсыпқұл Амантайұлы барлық жекпе-жегін, алдын ала кездесулерді қоса алғанда, таза «иппонмен» жеңіп алды. Бірінші орыннан басқа Тыныбаев 2022 жылдың мамыр айында Жапонияда өтетін ардагерлер арасындағы олимпиадаға жолдама алды.