Сенбіде Қытайдың Орталық теледидары Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы химзаводтағы жарылыс салдарынан төрт адам қайтыс болып, үшеуі зардап шеккенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жарылыс жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:00-де Алашан аймағындағы «Баин Аобао» өнеркәсіптік паркіндегі Zhongguo Chemical компаниясының зауытында болды.
Өрт 23:50-де ауыздықталып, барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Олардың біреуі ауыр жағдайда жатса, екеуі жеңіл жарақат алды.
Өрттің себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүргізілуде.