24 қазандағы мәлімет бойынша, 50 683 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 8 741 пациент стационарда жатса, 41 942 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:633 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, 112 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.