25 қазанға арналған ауа райы болжамы бойынша, Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады, Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.