Үндістанның солтүстігіндегі Уттаранчал штатында нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан құрбан болғандардың саны 52-ге жетті.
Ресми мәліметтерге сәйкес қираған ғимарат үйінділерінен тағы алты мәйіт табылған. Бес адам хабар-ошарсыз кеткен, 17 адам түрлі жарақат алған. Өлгендердің көбі қираған үйлердің астында қалып кеткен. Уттаранчал штатының Найнитал қаласының өзінде 28 адам қаза тапқан.
Үндістанның табиғат апаттарына қарсы ұлттық күштер Уттаранчал штатының су басқан аймақтарындағы жүздеген адамның құтқарылғаны туралы хабарлады. Ел билігі 17 құтқару тобын жіберді.
«Қазіргі таңда NDRF құтқарушылары Удхам Сингх Нагар мен Нанитал штаттарында 1300-ден астам адамды эвакуациялады. Сондай-ақ олар Уттаракхандтың су тасқынынан зардап шеккен аудандарына көмек материалдарын таратып жатыр», деді NDRF баспасөз хатшысы.