• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2014

Тағдырымды ойыншыққа айналдырды

234 рет
көрсетілді

Мен 1986 жылдан бері Жамбыл облыстық ІІД саласында абыройлы жұмыс істеп, 2009 жылы қызмет бабымен Ақтөбе облыстық ІІД-не ауыстым. Бірақ 2011 жылы ол жақта «штаттық қысқартуға» ұшырадым. Содан кейін «бұрын қызмет еткен жерім ғой, кеудемнен итермес» деп, Жамбыл облыстық ІІД бастығына қайта қызметке қабылдау жөнінде өтініш жаздым. «Қандай қызмет болса да бас тартпайтынымды» айттым. Бірақ облыстық ІІД бастығы Б. Аймағамбетов қызмет берместен, «резервке» қойдырды. Содан бері, міне, 2 жылдан астам уақыт өтті. Ең сорақысы, «резервте тұрмын» деп малданып жүрсем, ІІД өткен жылдың 20 қыркүйегінде маған хабарламастан «резервтен» де шығарып тастапты. Мұны естіп, үстіме жай түскендей болды. Сонда менің Жамбыл облыстық ІІД саласына сіңірген көп жылғы еңбегім ескерілмеген бе? Енді осы хатымды ІІМ басшылары оқып, ойыншыққа айналған тағдырым үшін алаңдаушылық білдіріп, қызметке қайта орналасуы­ма көмектесер ме екен деп үміттенемін. Қуаныш ҚЫДЫРБАЕВ, полиция майоры. Жамбыл облысы.