• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2021

Түркістандық қыз тұрғындарды 8 млн теңгеге алдап кеткен

281 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Мақтарал аудандық полиция бөліміне Шардара ауданының тұрғындары арызданып, жас қызға алданып қалғанын айтқан. Күдікті қыз букмекерлік ойын арқылы ақшаны бірнеше есеге көбейтіп беремін деп, олардан 8 миллион теңге алған, деп жазады Egemen.kz.

Алданған тұрғындардың сөзінше, жас қыз олармен WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, «ұтымды ұсыныс» айтқан. Әйелдер оның банк картасына 1 млн теңге жіберген. Содан кейін күдіктінің телефоны өшіп, ізім-ғайым жоғалған. Алданғанын түсінген тұрғындар дереу полицияға шағымданыпты.

Тәртіп сақшылары күдіктіні банк картасының мәліметтері бойынша анықтап, қолға түсірді. Ол жергілікті тұрғын – жас қыз болып шықты. Тергеу барысында қыздың бұдан да басқа алаяқтық қылмыстарға қатысы бары анықталды. Ол «ақшаңды букмекерлік ойындар арқылы еселеп көбейтіп беремін» деп, тұрғындардан 50 000 – 800 000 теңге аралығында алып отырған. Келтірілген барлық шығынның көлемі әзірге 8 млн теңгені құрады.