Синоптиктер 26-28 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін», делінген болжамда.
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-12-ден 5-15-ке дейін жылы, солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0-5 аралығында төмендейді.
Оңтүстікте ауа температурасы 10-нан 5-13-ке дейін, республиканың солтүстігінде 2-7 жылудан 2...7 аязға дейін, күндіз 2-15 пен 0-5 жылу аралығында болады.
Қазақстанның орталығында түнде -3...+5-тен -7...+ 3 дейін төмендейді, күндіз 8-16-дан 2-10-ға дейін жылу, шығыста -3...+5-дан -1...+ 7 дейін төмендейді, күндіз 10-18-ден 0-8 аралығында жылу болжанады.
Елдің оңтүстігінде -1...+7-ден -3...+5 дейін сәл төмендейді,, күндіз 13-22-ден 8-15-ке дейін жылы болады.
Республиканың оңтүстік-шығысында -1...+7-ден -3...+6-ға дейін ауытқиды, күндіз 12-20-дан 7-15-ке дейін жылы болады.