• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қазан, 2021

ОСК Мирзиёевтің жеңісі туралы ақпаратты жоққа шығарды

2226 рет
көрсетілді

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы қазіргі Президент Шавкат Мирзиёевтің жексенбіде өткен сайлауда 90 пайыз дауыс жинағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Риа Новости мәлімдеді.

Бұған дейін Euronews телеарнасы Мирзиёев жексенбіде өткен Мемлекет басшысын сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша 90 пайыз дауыс жинап, қайта сайланғанын хабарлады.

«Өзбекстан президенті сайлауының алдын ала қорытындылары белгілі болды деген ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайтынын хабарлағымыз келеді», деді ОСК баспасөз хатшысы Жалолиддин Усманов.

Оның айтуынша, сайлаудың алдын ала қорытындыларын ОСК төрағасы Зайниддин Низамходжаев дүйсенбіде сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 17.00-де) жариялайды.

ОСК мәліметтері бойынша, сайлау учаскелері жабылған кезде 80,8 пайыз адам келген, яғни 16,037 миллион адам дауыс берген. Нақты мәліметтер бойынша, сайлауда 19,86 миллион сайлаушының дауыс беру құқығы болған.

Елде ресми жұмыс істейтін бес партияның барлығы - Экологиялық, «Миллий тикланиш» «Ұлттық жаңғыру», Либералдық-демократиялық (УзЛиДеП), Халықтық-демократиялық (НДПУ) және «Адолат» (әділдік) партиялары өз кандидаттарын тіркеді. Олардың арасында қазіргі президент Шавкат Мирзиеёв те бар. Сарапшылардың пікірінше, ол - жеңіске басты үміткерлердің бірі.

Өзбекстанда президент сайлауы бес жылда бір рет өткізіледі. 2016 жылы 4 желтоқсанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті, сайлауда Премьер-Министр қызметін атқарған Мирзиёев жеңіске жетті. Елді 1989 жылдан бастап басқарған Президент Ислам Каримов 2016 жылдың 2 қыркүйегінде 78 жасында инсульттан қайтыс болды.