Кеше Сербияның астанасы – Белградта әлем чемпионаты басталып, Қазақстанның екі боксшысы шаршы алаңға шықты. Олар – Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов.
57 кг салмақтағы Теміржанов моңғолиялық Энх-Амар Хархуумен қолғап түйістірсе, 67 кг салмақтағы Жүсіпов тайпейлік Ю Линьмен күш сынасты. Биыл Токио Олимпиадасында өнер көрсеткен былғары қолғап шеберлеріміздің қалай жұдырықтасқаны жайында газетіміздің келесі санында баяндаймыз. Бүгін Сәкен Бибосынов (51 кг) Өзбекстанның даңқты боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездессе, Нұрқанат Райыс (75 кило) черногориялық Стефан Савковичпен сайысқа түседі. Ертең Асланбек Шымбергенов ирандық Фарах Моради Аташгахпен, ал Бек Нұрмағамбет (86 кг) бразилиялық Кено Мачадомен жұдырықтасады.
Одан кейінгі күндері де біздің жуан жұдырықты жігіттеріміз шаршы алаңға шығады.