• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қазан, 2021

Қазақстан мен Түркияның әскери оқу орындары декларацияға қол қойды

477 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Түркия Республикасы қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери білім шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастық аясында Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Түркия Ұлттық қорғаныс университетіне барды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан делегациясы Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери білім беру жүйесімен, оқу-материалдық базасымен танысты. Тараптар екі елдің әскери оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады», делінген хабарламада.

Сапар қорытындысы бойынша Әскери оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды.