Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жобаның мақсаты - ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдердің сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық мәнде):
Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту - халықты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына тарту, патриотизм сезімін арттыру; Мәдениет объектілеріне бару санын ұлғайту; Мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру; Мемлекеттік қолдау шаралары туралы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру; Жастар арасында волонтерлік мәдениет деңгейін арттыру; NEET санатындағы жастардың әлеуметтенуі; Жастардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуы үшін жағдай жасау.Күтілетін экономикалық тиімділік - «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде меценаттардың инвестициялар көлемі - 7,2 млрд теңге; мәдениет объектілерін салу және жөндеу кезінде 7 036 жұмыс орнын құру (тұрақты - 777, уақытша - 6 259).
Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі:
2021 жыл - 27 797 417 мың теңге; 2022 жыл - 26 695 141 мың теңге; 2023 жыл - 23 416 984 мың теңге; 2024 жыл - 20 781 813 мың теңге; 2025 жыл - 20 683 911 мың теңге;Барлығы - 119 375 266 мың теңге.
Құжат бірнеше міндеттерді шешуді қарастырады, атап айтқанда:
Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту; Мемлекеттік тілді дамыту үшін жағдай жасау; Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, Отандық мәдени өнімді танымал ету; Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту; Жастарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру.Ұлттық жобаны іске асыру 2025 жылға дейін көзделеді.