• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 27 Қазан, 2021

27 қазанға арналған ауа райы болжамы

402 рет
көрсетілді

Синоптиктер 27 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады, облыстың батысы, оңтүстік-шығысы жоғары қысым өрісінің ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді», делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Солтүстік Казақстан облысының оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман түсіп, түнде шығысында, күндіз басым бөлігінде  жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының батысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады, оңтүстік-батыс, солтсүтік-батыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.