27 қазанда «Қайрат» пен «Атырау» футзалды Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғашқы ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Қайрат» чехиялық «Пльзень» клубымен, ал «Атырау» словениялық «Добовецпен» кездеседі.
Бірінші матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады, тікелей көрсетілімді «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады, ал екінші матчты 00:00-де «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«Қайратпен» топта ресейлік «Тюмень» және итальяндық «Пезаро» ойнайды, ал «Атыраудың» топ бойынша қарсыластары «Добовецтен» басқа португалдық «Спортинг» және француздық «Аньер Вильнев 92» болады. Әр топтан үш команда элиталық кезеңге өтеді.
Чемпиондар лигасының өткен маусымында Қазақстанды «Қайрат» пен «Ақтөбе» таныстырды. «Ақтөбе» 1/8 финалда «Добовецтен» 1:2 есебімен жеңіліп, «Қайрат» жартылай финалға дейін жетіп, испандық «Барселонадан» 2:3 есебімен ұтылды.