Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылордада өткен ширек финалдағы соңғы ойында «Қайсар» мен «Қайрат» командалары кездесті. Ойын барысында алматылық клубтан Вагнер Лав 76, Артур Шушеначев 88-минуттарда гол соқты.
Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Алғашқы ойында алматылықтар 3:0 есебімен басым түскен болатын.
Сондай-ақ, бүгін Қарағандының «Шахтері» өз алаңында «Таразды» 3:1 есебімен жеңді. Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебімен тең нәтиже көрсеткен еді.