• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қазан, 2021

«Талибан» көрші елдердің СІМ басшыларымен бірлескен мәлімдеме жасады

203 рет
көрсетілді

Ауғанстанмен көршілес Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей сыртқы істер министрлері бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Елдердің дипломаттары Ауғанстандағы жағдай түбегейлі өзгерді деп мәлімдеп, бұдан былай Ауғанстанның ішкі істеріне араласпау қағидатын, атап айтқанда, ауған халқының берік бейбітшілік орнатуға деген ұмтылысын құрметтеп, халық өз болашағын өз беттерінше анықтауы керек деп мәлімдеді. Елде тұрақтылық орнайтынына үміт білдірді.

Дипломаттар Ауғанстандағы проблеманы шешу үшін барлық этностардың қатысуымен кешенді саяси құрылым құру керек екенін айтты.

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И «Талибан» қозғалысы әлемнің басқа елдерімен диалог орнатуға ұмтылып жатқанын және халықаралық қауымдастық Ауғанстанға, елдің дамуына көмектесуі керек екенін айтты. Ван И Иранда өткен конференцияда видео арқылы сөйлеген сөзінде Бейжің Ауғанстан туралы келіссөздер әрқашан жүргізуге дайын екенін айтты.

«Талибан» әлеммен диалог орнатуға дайын. Қытай Ауғанстан көршілерінің үшінші кездесуін қолайлы уақытта өткізеді», деді министр.

Сондай-ақ дипломаттар халықаралық қауымдастық ауған босқындарын қабылдайтын елдерге, атап айтқанда, Иран мен Пәкістанға және басқа көрші мемлекеттерге қаржылық қолдау көрсетуі керек деп шешті.