• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2014

Қомақты көмек

284 рет
көрсетілді

Елбасының өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің жала­қыларын көтеру туралы ұсынысын мен газеттен оқыдым. Менің бірінші ойлағаным – Елбасы еңбек адамдарының хал-жағдайына тағы бір мәрте көңіл бөлді. Металл өндіру қандай қиын екендігін ол жақсы біледі. Сондықтан Нұр­сұлтан Назарбаев жұмысшы ма­мандығы иелеріне әрқашан ерекше көңіл бөледі. ENRC басшылығы Елбасының шешімін қолдайтындығына еш күмән болған жоқ. Компания өз жұмысшыларына әрқашан жағдай жасап отырады. Жалақыға үстеме қосу қо­мақты қолдау болып табылады. Был­тырғы жылы корпорация жұмыс­шылардың жалақыларын 20% өсір­ген еді. Компания басшылығының бүгінгі қадамы да уақтылы әрі қажетті. Менің әріптестерім де бұл шешімді қуанышпен қарсы алды. Елбасына рахмет. Біз үшін Президент – еліміздің бас металлургі. Сон­дықтан оның әрбір шешімін біз әр­қашан қолдаймыз. Мен осы ма­мандықты таңдағанымды мақтан тұтамын. Дәурен САҒИТОВ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ алюминий электролизі цехының бригадирі.