Синоптиктер 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тек елдің орталық өңірлері жоғары қысым өрісінің әсерінен болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында – тұман, солтүстігінде - көктайғақ, төмен бұрқасын, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында - жел күшейеді», деп жазады «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с, күндіз солтүстікте, батыста көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының шығысында және солтүстігінде синоптиктер желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз солтүстікте көктайғақ болады деп болжап отыр.
Павлодар облысының солтүстік-батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында 15-20 м/с дейін жел күшейеді, таңертең және күндіз тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м / с жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының тауларына да тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте, Атырау облысында оңтүстік-батыста тұман түседі.
Қарағанды облысының орталығы мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде түнде тұман түседі.