ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Ресей Федерациясының мемлекеттік хатшысы – қаржы министрінің орынбасары А. Сазановпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында кедендік реттеу және салықтық әкімшілендіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, атап айтқанда жедел топтардың өзара іс-қимылы, зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қадағалау, екі жақты сауда-саттық барысындағы экспорттық операциялар бойынша ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.