ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет ресурстары арқылы есірткі таратқан 2 топты анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі жасауға және оларды интернет ресурстары арқылы сатуға қатысы бар 2 есірткі тобының әрекетін анықтап, жолын кесті. Екі есірткі зертханасын ұйымдастырған 5 адам ұсталды», делінген хабарламада.
Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 4 кг синтетикалық есірткі және 40 литр жартылай дайын есірткі заты, 1 кг гашиш, 20 кг астам химиялық қоспа және зертханалық жабдықтар табылып, алынды.