• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2014

Депозиттер арта түсуде

249 рет
көрсетілді

Цеснабанк теңге бағамына түзету енгізілген сәттен бастап депозиттердің ағыла бастағанын мәлімдеген. Бұл туралы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz тілшісі хабарлап отыр.  Кейінгі кездегі өзгерістер Цеснабанкке активтер мөлшері бойынша бір триллион теңгелік межеден асып түсуге жағдай жасады, деп атап көрсеткен қар­жы институты. Баспасөз қыз­метінің мәліметтері бойынша, банкте жеке тұлғалардың депо­зиттік базасының тұрақты өсуі жалғасуда. 2014 жылдың қаң­тарында Цеснабанктің жеке тұлғаларының депозиттік базасы бес миллиард теңгеге өскен. Осылайша теңге бағамына өзгеріс енгізілген сәттен бастап жеке тұлғалардың депозиттік базасы он миллиард теңгеден астамға толыққан, деп түсіндіреді баспасөз қызметі. «Цеснабанк» АҚ-тағы же­ке тұлғалар салымдарының қор­жыны 2013 жылдың қоры­тын­дысы бойынша 39 пайызға ұлғайған. Оның сыртында Ұлт­тық банктің мәліметі бойынша, 2014 жылдың 1 қаңтарында Цес­набанк депозиттер базасының көлемі жағынан  сегізінші орын алған.