«Қазақстан-Қырғыз» шекарасы аумағынан спирт тасымалына арналған құбыр анықталды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Қордай шекара жасағына қарасты «Сортөбе» заставасының шекарашылары мемлекеттік шекарадан 200 шақырым жерден спирт тасымалына арналған құбырды тапты. Жер асты құбыры үстін контрабандашылар шөп-шаламмен, тастармен жауып тастаған екен. Оның бір шеті Сортөбе ауылындағы үйдің ауласына дейін созылып жатыр. Осы үй иесінің айтуы бойынша, спирт тасымалы құбырын арнайы бір адам қадағалайды екен.
Қазіргі кезде құбырдың 5 метрі қазып алынды. Енді осы келеңсіздікке байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.
Фото: Segodnya.ua.