Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы мен Ақтөбе облысының прокуратурасы із-түссіз жоғалған және сот тарапынан өлді деп танылған азаматтарға қатысты қылмыстық істерге мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, мониторинг барсында заң бұзу фактісі анықталған. Мәселен, Мұғалжар аудандық соты 2010 жылдың желтоқсан айында 60 жастағы жергілікті тұрғынды өлгендер қатарына қосып, қарар қабылдапты. Алайда, өткен жылы Астана қаласындағы полицейлер осы азаматқа жол ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырған. Сондай-ақ, тексеру барысында оның атына ай сайын зейнетақы салымдары мен сақтандыру төлемдерінің аударылғаны мәлім болды.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Gazeta.kz.
Фото: Newskaz.ru.