• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Қазан, 2021

Алматыда «қызыл статусы» бар 100-ден аса тұрғынға айыппұл салынды

213 рет
көрсетілді

Алматы қаласында «қызыл статусы» анықталған тағы 104 тұрғынға 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда – ХҚО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, балабақшалар, қонақ үйлер, сұлулық салондары, боулингтер, автоорталықтар және т.б. орындардың қызметтерін пайдалануға тырысты. «Қызыл статусы» анықталған тұрғындар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді.

«Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын тұрғындар сауда, қаржы нарығы, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық тамақтану, кеңсе ұйымдары, әлеуметтік салалары, білім беру ұйымдары, банктер және басқа да нысандардың қызметкерлері болып саналады.

Сондықтан амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс», делінген ведомство хабарламасында.