Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күндізгі сессияда 48 кило салмақ дәрежесіндегі үкілі үмітіміз Теміртас Жүсіпов сербиялық Омер Аметовичпен кездессе, 75 кило салмақтағы саңлағымыз Нұрқанат Райыс молдовалық Влад Гаврилюкпен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ 80 кило салмақтағы Нұрбек Оралбай бразилиялық Фильо Исаясқа қарсы рингке көтерілмек. Кешкі сессияда 63,5 кило салмақтағы сайыпқыранымыз Санатәлі Төлтаев молдовалық Василий Чеботарьды жеңуге тырысады.