Арменияда коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағдай күрт нашарлады. Сондықтан да ел билігі ашық кеңістікте міндетті маска режимін қайта енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы аталмыш елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Армения республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына түзету енгізуге сәйкес, коронавирустық аурудың таралу қаупін азайту мақсатында, бірінші қарашадан бастап тұрғын үйден шыққан кезде маска кию міндетті болмақ.
«Коронавирус ауруының таралу қаупін азайту үшін 1 қарашадан бастап қоғамдық жерлерде бетперде кию керек», делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.