• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 30 Қазан, 2021

Екі боксшымыз кезекті жекпе-жекте жеңіске жетті

611 рет
көрсетілді

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшылары ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ұлттық құрама сапынан бірінші болып рингке көтерілген 48 кило салмақтағы Теміртас Жүсіпов сербиялық Омер Аметовичті 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Теміртас енді бір жекпе-жекте жеңіске жетсе кемінде қола жүлдегер атанады.

Теміртастың жеңісті жолын 75 кило салмақтағы Нұрқанат Райыс сәтімен жалғастырды. 21 жасар былғары қолғап шеберіміз молдовалық Влад Гаврилычтан айласын асырды.