Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында әуесқой бокстағы ең ауыр нокауттардың бірі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
75 кило салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген француз боксшысы Морено Фендеро жекпе-жекті ұзаққа созған жоқ. Кипрлік Андреас Коккиноспен қолғап түйістірген ол қарсыласын бар болғаны бір минутта есінен тандырды. Осылайша француз боксшысы әлем чемпионатындағы ауыр нокауттардың бірін тіркеп отыр.