• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2021

Атыраудағы атыс: Бір адам көз жұмды

1598 рет
көрсетілді

Атырау облысында болған атыстан алты адам зардап шеккені туралы БАҚ-та хабарланған болатын. Алған жарақатынан сол алты адамның бірі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«30 қазан күні сағат 19: 30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 331 шақырымындағы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында төбелес болған. Төбелеске қатысқандар қару қолданған. Алған жарақаттарының салдарынан 1985 жылы туған ер адам Сағыз ауылының амбулаториясында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде», делінген облыстық полиция департаменті таратқан баспасөз хабарламасында.

Бүгін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.