Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында кезекті рет өзбек боксшысы жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
54 килограмм салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Шахобиддин Зойыров 1\8 финалдық кезеңде жапон боксшысы Томой Цубойға есе жіберді.
Бұған дейін Өзбекстан құрамасы сапынан Миразизбек Мирзахалилов, Хасанбай Дусматов, Шокжахон Абдуллаев әлем чемпионатымен қош айтысқан болатын.