Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 кило салмақта бақ сынап жатқан қазақ боксшысы Саматәлі Төлтаев колумбиялық Дуван Сулето Мореномен жұдырықтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үш раунд бойы өзіне тән шеберлігін көрсете білген отандасымыз бұл жекпе-жекте жеңіске жетті. Әрине, колумбиялық боксшы оңай шағылатын жаңғақ еместігі түсінікті. Әйтсе де ұлттық құрамадағы әріптестерінің жеңісті жорығын жалғастырғысы келген жампоздың жеңіске деген құштарлығы зор болғаны қуантты.