Шымкентте 4 жасар бүлдіршін байқаусызда төртінші қабаттан құлап кетті. Жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен оны құтқарып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай Гагарин көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын үйде орын алған. Төрт жасар ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, 4-ші қабаттағы баспалдақ аралығындағы терезеден құлағаны анықталды.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің мамандары барып, мән-жайды сұрастырып білген. Қазір бұл жағдаймен полиция айналысып жатыр.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 7 жағдайы тіркелген. Төрт жағдайда балалар қайтыс болса, үшеуінде балалар түрлі дене жарақатын алған.