• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2021

Елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі артты

683 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың үш тоқсанында Қазақстанда электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт/сағ-ты құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,7%-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Электр энергиясын тұтыну Оңтүстік аймақ бойынша 12%-ға дейін артқан.

Қазақстанның үш өңірінде - Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында электр энергиясы артығымен тұтынып жатса, қалған өңірлерде энергия тапшылығы байқалады. Олардың көбінде тұтыну өндірістен бірнеше есе асып түседі.

Жарықты тұтыну көлемінің ұлғаюы еліміздің барлық өңірінде тіркелген, ең көбі - Қызылорда (жылына 16,5%), Батыс Қазақстан (14,3%), Ақмола (14,2%), Түркістан (12,7%) және Алматы (11,4%) облыстарында.

Айта кетсек, электр энергиясын тұтынудың мұндай өсімі өткен жылғы көрсеткіштерден күрт асып түседі. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемінің өсімі тек 1,5%, 2019 жылы - 1,6% құраған болатын.