• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 01 Қараша, 2021

Альварес-Плант кездесуі тікелей эфирде көрсетіледі

141 рет
көрсетілді

Салмақ дәрежесіне қарамастан, әлемнің үздік боксшысы саналатын мексикалық оғлан Сауль «Канело» Альварес жетінші қараша күні америкалық Калеб Плантпен екінші орта салмақ дәрежесінде әлемнің абсолютті чемпионы атағына таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы әйгілі «MGM Grand» аренасында өтеді. Бокс әлеміндегі ел асыға күтіп жүрген бұл керемет жекпе-жекті елімізде Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Қазақстандық телеарналар тікелей эфирге 07:55-те қосылады. Ал бокс кешінің негізгі жекпе-жегі шамамен сағат 09:00-10:00-де басталады.