• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2021

Алматыда карантин талаптары жеңілдейді

164 рет
көрсетілді

Алматыда «сары» аймақ нормалары күшіне еніп, 1 қарашадан бастап «қызыл» аймақтың карантин шектеулері алынды. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, Алматы қаласының «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткеніне жеті күн болды.

Осыған орай, карантин шектеулері жеңілдейді. Барлық талап Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулысында көрсетілген.

Еске салайық, Алматы 25 қазанда «сары» аймаққа өткен болатын.