• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2021

Мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығына қатысу үшін тосқауыл азайды

244 рет
көрсетілді

Биржалық комитеттің 2021 жылғы 22 қазанындағы отырысының қорытындысы бойынша мұнай өнімдерінің айналымы көлемі бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін мұнай өнімдерін сатып алушыларға қойылатын талаптарды жылына 20 мың тоннадан 5 мың тоннаға дейін төмендету туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылына 5 мың тонна мұнай өнімдерінің айналымы көлемінің бұл деңгейі шағын өңірлік ЖҚС бөлшек сауда желісінің бизнес көлеміне сәйкес келеді, бұл осы нарықтағы ең басым сегмент саналады.

Осылайша, қабылданған шешім мұнай өнімдерінің биржалық саудасына қатысушылардың санын кеңейтуге ықпал ететін болады.

Биржалық комитеттің хаттамасымен және мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы көтерме саудада өткізу жөніндегі ұсынымдардың (секциялық Қағидалардың) соңғы редакциясымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы «Биржалық комитет» бөлімінен танысуға болады.