• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Бокс 01 Қараша, 2021

ӘЧ: Серік Теміржанов сенімді түрде жеңіске жетті

302 рет
көрсетілді

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақ боксшысы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

57 кило салмақ дәрежесінде рингке көтерілген Серік үнді жігіті Рохит Мордың мысын басты. Тартысты өткен жекпе-жекте соққыларын дөп тигізе білген қазақ оғланы Серік Теміржанов қарсыласынан айласын асырып, ширек финалға жолдама алды.

Бұған дейін бұл салмақтың үздіктері Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан), Ласаро Альварес (Куба) жарыстан шығып қалғанын ескерсек, Серіктің медаль алуға мүмкіндігі мол.