• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қараша, 2021

Жастарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері айтылды

301 рет
көрсетілді

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов өңірдің жұртшылығымен және мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Күн тәртібіндегі басты сұрақ «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасының бағыттарын түсіндіру болды.

Кездесу барысында Б.Тлепов Ұлттық жобаны тиімді іске асыру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттілігіне назар аударды.

«Жалпыадамзаттық құндылықтар мен әлемдік қоғамдастықты халқымыздың өзіндік және бірегей тілімен жаңа ұрпақтың бойына сіңіріп, жеткізу; мәдениеті және тарихымен байыту; шынайы өмірде қоғамның барлық салт-дәстүрлерін сақтай білу – бұл қоғамның жаңа ашық, сындарлы және прагматикалық санасының параметрлері», деді Б.Тлепов.

Естеріңізге сала кетейік, жобаның мақсаты: ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдердің сапасы мен алуан түрлілігін ынталандыру, арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін арттыру.

Жоба негізгі үш бағыттан тұрады, онда 7 міндет айқындалған: 

- қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту;

- мемлекеттік тілді дамыту үшін жағдай жасау;

- мәдениет саласындағы қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

- отандық мәдени өнімді танымал ету;

- жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту;

- NEET санатындағы жастардың әлеуметтенуі;

- жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

 Анықтама ретінде:

«Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы үш негізгі бағыттан тұрады.

Бірінші бағыт «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту. Міндет – қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту және мемлекеттік тілді дамыту үшін жағдай жасау. Бұл үшін  38 іс-шара мен 8 көрсеткіш айқындалды.

«Ел рухы» деп аталатын екінші бағыт: мәдениет саласындағы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сапасын арттыру және отандық мәдени өнімді танымал ету бойынша міндеттерді қамтиды. «Ел рухы» бағытында 13 іс-шара мен 5 көрсеткіш белгіленген.

Үшінші бағыт «Тәуелсіздік ұрпақтары». Бұл жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу, оларды қоғамдық пайдалы қызметке тарту. Бұл бағытта 8 нақты көрсеткішке қол жеткізу және 15 ауқымды жалпыұлттық іс-шара өткізу жоспарлануда; оның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмысқа ерекше назар аударылатын санатындағы жастармен жұмысқа ерекше назар аударылатын болады.