• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экология 02 Қараша, 2021

Саф ауа алтыннан да қымбат

316 рет
көрсетілді

Қазақстанға көміртегінен арылу үшін тың технологияларға басымдық беру қажет. Бұған шамамен 650 млрд доллардай көлемінде инвестиция жеткілікті. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұл қаражат 40 жылға есептелген.

Аталған салымдардың едәуір үле­сі, нақты айтқанда 305 млрд доллар – электр және жылу энергия­сын өндіруге, 167 млрд доллар – көлік инфрақұрылымына, 65 млрд доллар – тау-кен және өңдеу өнер­кәсібіне, сондай-ақ 57 млрд доллар – тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лы­ғына және 49 млрд доллар ауыл шаруашылығына бағытталуы тиіс.

Арнайы бағалауға сәйкес көмір, мұнай және газ өндіру секторындағы инвестициялар ұзақмерзімді перспективада сұраныстың төмендеуіне байланысты азаяды деп болжануда.

«Айталық, қазір Үкімет жаң­ғыр­ма­лы энергия көздеріне инвестиция­лар тартуға қатысты жұмысты қол­ға алды. Соның бірі Қазақстанда СО2 қалдығын азайтуға арналған ірі жобаларды Біріккен Араб Әмір­лік­терімен бірлесіп іске асыру көз­дел­ген. Айтылған көрсеткіштер мен көміртекті бейтараптыққа қол жет­кі­зу үшін салалық саясатты ре­фор­­малау қажет. Докт­ри­на­да әзір­лен­­ген индикаторларды орындау үшін өнер­кәсіпте энергия тиімділігін арт­тырып, үнемдеу жөніндегі шаралар ескерілуі тиіс.

«Жасыл» көліктердің (экология­лық таза көлік түрлері) тиіс­ті ин­фра­­­құ­рылымын дамыту мақ­са­тын­да қолдау тетіктерін әзірлеу ке­­рек. Термо жаңғырту арқылы қол­даныстағы тұрғын үй қорында жылудың шығынын үштен бірге төмен­детіп, жаңа ғимараттар мін­дет­ті түрде жаңғырмалы қуат көз­деріне қосылып, энергия тиім­ділігінің жоғары талабына сай болуы қажет. Органикалық өнім­ге деген әлемдік сұранысты еске­ріп, өсімдік шаруашылығы бағы­тын­да егіншіліктің органикалық әдістеріне көшуді жеделдету арқылы органикалық өнімнің экспортын мем­лекеттік тұрғыда қолдауға мән бер­ген абзал. Еліміздің көміртегінен бейтарапты дамуы оңай болмайды. Бірақ экономиканың тұрақты түрде ілгерілеуіне негіз болып, ин­вес­ти­ция­лық тартымдылықты арттырады», деді ведомство басшысы.

Министр айтқандай, экономиканы әлеумет­тік тұрғыдан трансформациялау және жаңа жұмыс орындарын құру аталған доктринаның ажырамас бөлігі. Бұдан бөлек, еліміздің бас экологы зиянды қалдықтың кө­ле­мін азайтуда орман алқаптарын ұлғайтудың маңызы зор екенін айтты.

«Елімізде орман қоры 30 млн гектарды алып жатқанымен оның 13,3 млн гектары ғана орманды алқап саналады. Жас көшеттер СО2-ні бірден сіңіре алмайды, өйткені бұған шамамен жеті жыл уақыт қажет. Осы аралықта ағаш жетіліп, содан кейін ғана парникті газды сіңі­руге қауқарлы. Көрсеткіштерге тоқ­талсақ, 1 гектардай орман 3 тон­на­ға дейін СО2-ні сіңіреді екен. Бұл соншалықты көп емес. Сол себепті Мемлекет басшысының тап­сыр­­масына сәйкес орманды ұлғай­ту­дың маңызы зор.

Бұл тапсырма «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында бекітілді. Жыл соңына дейін 130 млн-ға жуық ағаш отырғызылып, көктемде 80 млн-нан астам көшет егіледі. Күзде қо­сымша 50 млн ағашты отырғызу көзделген. Сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған түбіне сек­сеуіл отырғызылып жатыр», деді Экология министрі.

Соңғы 10 жылда Аралды қалпына келтіру­ге байланысты халықаралық қорлардың қолдауы­мен 85 млн доллардан астам қаражатқа түрлі жо­балар іске асырылып, 340 мың гектарға сек­сеуіл отырғызылыпты.