Қазақстандық темекі өнімдерінің контрабандасын Ресейге өткізуге тырысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, БҚО-дан келген жеке кәсіпкер 2020 жылы Алматыда 319 мың қорап акцизсіз темекі сатып алған.
«Ол темекі өнімдерін автокөлік құралдарына тиеп, БҚО арқылы Ресейге жіберген. Сонымен қатар заңсыз әрекеттерді жасыру үшін ол акциздік маркалары бар 24 мың қорап темекі сатып алды», делінген хабарламада.
Айта кетсек, ер адамға 2,7 миллион теңге айыппұл салынды.
«Акцизделмеген темекі өнімдері жойылды», деді агенттік.