• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қараша, 2021

Қалыңдығымен ренжісіп қалған жігіт көпірден секіріп кетті

423 рет
көрсетілді

Қостанайда полиция қызметкерлері 17 жастағы бозбаланы құтқарып қалды, деп жазады Egemen.kz  «Қазақстан» арнасына сілтеме жасап.

Оқиға кешкі сағат сегіздер шамасында болған. Тобыл өзенінің үстінен өтетін үлкен көпірден жас жігіттің суға секіріп кеткенін көрген жүргіншілер дереу «102» нөміріне қоңырау шалыпты. Жақын жерде жүрген 2 полиция қызметкері оқиға орнына бірінші жетіп, суға батып бара жатқан азаматты жағаға алып шықты. Қазір оның өміріне қауіп жоқ, денсаулығы қалыпты. Жас жігіт өмірден баз кешуіне қалыңдығымен ренжісуі себеп болғанын айтқан.