Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңінде екінші боксшымыз сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
75 келі салмақта рингке көтерілген Нұрқанат Райыс италиялық Сальватор Кавалларомен қолғап түйістіріп, тартысты өткен кездесуде қарсыласына есе жіберді. Осылайша Нұрқанат та әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады. Оған дейін 60 келі салмақтағы Саматәлі Төлтаев жеңілістің кермек дәмін татқан болатын.