Кешкі сессияны 51 келі салмақ дәрежесіндегі сайыпқыранымыз, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иә, кешкі сессияда қазақ боксшыларынан алғаш болып рингке көтерілген Сәкен Бибосынов колумбиялық Юберхен Мартинеспен қолғап түйістірді. Шаршы алаңда еркін ойқастаған отандасымыз өзінің шын шебер екенін көрсетіп, екінші нөмірмен жұдырықтасып жүріп-ақ жеңіске жетті. Оның жеңімпаз атануына төрешінің бір ұпайын алып тастауы да кедергі келтірген жоқ. Осылайша ұлттық құрама Белград төріндегі төртінші медаліне қол жеткізді. Әлі төрт боксшымыз рингке көтеріледі.